Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Amanat партиясы Перизат Қайрат пен Biz Birgemiz қорына қатысы жоқ екенін мәлімдеді

Amanat партиясы су тасқынынан зардап шеккендерге бөлінген қаржыны жымқырды деп айыпталған Biz Birgemiz қорының басшысы Перизат Қайратқа қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Amanat

Алайда партияның бір бөлімшесі қордың жинаған гуманитарлық көмегін таратқан.

"Қазіргі уақытта БАҚ пен әлеуметтік желілерде Amanat партиясының Biz Birgemiz қорының жұмысына қатысы бар деген ақпарат таралуда. Партияның Biz Birgemiz қорының құрылтайшысы болып табылмайтынын және оның қызметіне қатысы жоқ екенін айтқымыз келеді", – деп жазды Amanat партиясының баспасөз қызметі.


 

"Бұл әлемнің түбегейлі бұзылғанына көзім жетті": Қазақстандық блогерлер Перизат Қайраттың ісіне байланысты жаңа деректерін бөлісті


Айта кетейік биылғы көктемгі су тасқыны кезінде партияның "Жастар рухы" бөлімшесі зардап шеккен аудандарға түрлі қаражатқа жиналған киім-кешек пен азық-түлікті жеткізіп берді. Biz Birgemiz қоры да осы ұйымдардың тізімінде болған.

Еске салайық, Перизат Қайрат Biz Birgemiz Qazaqstan қайырымдылық қорына түскен ақшаны жымқырды деп айыпталды.

Еске салсақ, осыған дейі ерікті Перизат Қайрат бастаған Biz Birgemiz қорының тең құрылтайшыларының көпшілігі Amanat партиясынан екені туралы жазғанбыз.

Талқылау