Алуа Қонарова: “Эксперттердің” айтуынша, 17 жыл плагиатпен айналыссыппын
Алуа Қонарова өзін сынап тастаған желі қолданушыларына ашуланды. Желідегілер продюсердің жұмысына мін таққан екен.
Сурет: Алуа Қонарованың жеке парақшасынан
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Желідегі кей “эксперттің” сөзін ескерсек, мен 17,5 жыл бойы шоу бизнесте плагиатпен айналысып келген екенмін. Яғни, олардың ойынша, менің өзіме тиесілі ешнәрсем жоқ”, – дейді Алуа Қонарова.
Бұдан өзге продюсер тәулік бойы көтеріңкі көңіл-күймен жүру мүмкін еместігін айтты. “Меніңше, тәулік бойы тек ақымақтар ғана қуанып жүре алады. Өмір әртүрлі сәттерден құралады, ал олар әртүрлі. Кейде көп нәрсені ой елегінен өткізу үшін мұңайған да пайдалы”, – дейді ол.
Жоғарыдағы жазбадан кейін желі қолданушылары продюсердің көңілін аулауға кірісіп, жақсы тілектерін білдіріп жатты.
“Ойыңызға алмаңыз. Сіздің жобаларыңыз мақтануға тұрады!”, “Сіз ең керемет жансыз”, “Дене сымбатыңыз сондай сұлу”, “Мұндайда көре алмайтын адамдар ғана айтады. Мән бермеңіз. Өзіңіздің көңіл-күйіңізді құртудың қажеті жоқ. Сізді еңбегіңіздің құнын анықтау мүмкін емес” деп жазады олар.
Жіберіп алмаңыз:
Димаш әлемдегі ең үлкен музыкалық марапаттардың бірін еншіледі
Айқынның Жұлдыз Өмірғалиге үйленіп, отбасын тастап кеткені рас па (фото)
Асхаттың қызы: Әкемнің үйленуіне жылап-жылап алып, келісім беруге мәжбүр болдым (фото,видео)