Алуа Қонарова мен “RinGo World” ұжымы Ayumi-лік Айдананың тойына неге бармады?
Ayumi тобының құрамындағы өзгеріс фанаттардың түсінбестігін туғызды. Топтың бұрынғы мүшесі Айдана Шәріпханова тұрмысқа шығып кеткендіктен, оның орнын Сандуғаш есімді ару басты. Ал бұрынғы әріптестері Айдананы өкінішпен еске алады. Онымен 7 жыл бір топта ән салған қыздар бүгінде оның суретін де көрсеткісі келмейді, деп хабарлайды “Время” басылымы.
“Айдананың тұрмысқа шығатынын наурыз айында білдік. Ол кезде ұжымымызбен Таиландта демалып жатқан болатынбыз. Өзара келісім бойынша, Айдана жоспарланып қойған ауқымды бірнеше шараға қатысуы тиіс еді. Алайда соңғы концертке Атырауға ұшуға 12 сағат қалғанда Айдана бармайтынын ескертіп, хабарлама жазып жіберді”, – дейді топ мүшесі Ақназ.
“Кешкі 10-да біз дайындық жүргізіп, таңғы 6-да Атырауға ұшып кету керек болатынбыз. Алайда ұшар алдында демалудың орнына біз Ақназ екеуміз түні бойы айтатын әндерімізді дуэтке дайындадық. Әрі концерт ұйымдастырушылары топтың толық құрамының болуын талап еткен. Айдана да мұны жақсы білді”, – дейді топтың екінші солисі Әсел.
Қыздардың айтуынша, Айдананы гастролге күйеужігіті жібермей қойыпты.
“Достық мен үшін қымбат. Алайда менің орныма өздеріңді қойып көріңдерші”, – деді. Бірақ неге ол өзін біздің орнымызға қойып көрмеді? Оның бақыты үшін неге біз төлеуіміз керек? Біздің гонорарымызды кесіп тастады, жұмыс кестеміз өзгерді”, – деп жалғады сөзін Ақназ.
Ақназдың айтуынша, Айдана болашақ жарымен небәрі 5 ай кездескен.
“Ал біз 7 жыл бойы бірге болдық, бірге тамақтандық, бірге ұйықтадық, ал енді оған бәрібір бола қалыпты. Жүкті болып, сахнаға шыға алмайтындай жағдайда болса түсінер едім. Бізге ауыр тиді. Сондықтан енді оны еске алғымыз да келмейді”, – деді ол.
Арадағы кикілжіңнің салдарынан RinGo World ұжымы мен топ продюсері Алуа Қонарова Айдананың тойына бармай қойған. Оған себеп Айдананың аяқ астынан кетіп қалуы ғана емес дейді қыздар.
“Оның тарапынан әртүрлі жағымсыз сөздер мен әңгімелер естідік. Дәл осы себепті онымен жеті жыл бірге жұмыс істеген ұжым толық құрамда оның тойына барған жоқ”, – деп мәлімдеді Ayumi әншісі.
Жіберіп алмаңыз:
Димаш қатысқан Singer жобасының қазақстандық нұсқасы пайда болды
Баянның қайын атасы: Менің балаларымды бір сөзді дұрыс жаза алмайтын “сауатсыздар” сынайды
Баян Есентаева неліктен Ерке Есмаханмен жұмысын тоқтатқанын түсіндірді
ЭКСПО қонағымен құшақтасқан Мәдина Сәдуақасова жұрттан ұрыс естіді (видео)