Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алтынбек Рахметов “қолжетімді” болып кеткен жұлдыздарды сынап тастады

Продюсер Алтынбек Рахметов эстрада жұлдыздарының тыңдарман мен көрермен қауымға тым «қолжетімді» болып кеткенін айтып назданды. Оның айтуынша, жұлдыздар ішкен-жегенін, күнделікті не істеп жүргенін желіге салу арқылы көрерменнің өзіне деген қызығушылығын жоғалтып барады.

Screenshot_7

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Қазір әртістің шығармашылығы көрерменді онша қызықтырмайды. Олардың суда жүзіп, тәтті жеп отырғанын, ұйықтап, тіпті, жуынып жатқандарын (бұл тізімді жалғастыруға да қорқамын) желіден көруге болады. Әртістер концерттер мен телебағдарламаларда ашылуға тиісті жұмбақтары мен ерекшеліктерін жоғалтып барады. Шоу-бизнеске қатысы жоқ бір танысым да солай деді: «Оларды қайтемін? Мен онсыз да олардың өмірін тікелей эфир арқылы тамашалап жүрмін. Мен үшін қызықсыз болып кетті. Мен бұрынғыдай олардың әндерін де іздемейтін болдым, концерттеріне бармаймын. Бұрын оларды тірідей көргім келетіндіктен баратынмын. Ал қазір олар жанымда жүргендей», – дейді ашынған продюсер.

Алтынбек Рахметов өзін қарапайым етіп көрсеткісі келетін көптеген өнер иелерінің жасанды әрі боямашыл екенін айтып салды.

«Мүмкін менікі қате шығар. Жоққа шығармаймын! Халыққа жақын болу керек. Алайда көбісінің жақын боламын дегені бар болғаны боямашылдық! Мен қарапайыммын дегісі келеді. Сіздердің тұрмыс-тіршіліктеріңіз емес, шығармашылықтарыңыз бірінші орынға шығуы керек. Сіздерді халық әдемі кірпік жабыстырып немесе образды түрде ет жегендеріңіз үшін емес, шығармашылықтарыңыз үшін жақсы көреді», – деп жалғады сөзін продюсер.

Сөз соңында Рахметов әртістің ашылмаған жұмбақ болуы керектігін айтты. 

Продолжу свой пост здесь… Я может быть и не прав? Я этого не отрицаю! Нужно быть ближе к народу! Но у многих эта близость просто показуха! Типа, я – карапайым! Пусть все же творчество станет на первое место, чем бытовуха! Вас любят, я надеюсь, все же за творчество, а не за то, как Вы ,образно говоря, клеете ресницы или едите мясо! P.S. Меня это не касается. Я – не артист! У меня нет тайн! А у артиста должна быть неразгаданная загадка! Только тогда он будет еще более интересен! #артистанедолжнобытьмного #шоубизнес

Фото опубликовано Altynbek Rakhmetov (@altynbekrakhmetov)

Жіберіп алмаңыз:

Ләйлә Сұлтанқызы: Дәрінің емес, скотчтың арқасында арықтадым

Әли Оқапов анасына ән жазып берді (фото, видео)

Баян Есентаева өзіне тіл тигізген зейнеткерді сотқа берді

Дастан Оразбековпен сүйіскен актриса Салтанат Бақаеваның бейнебаянына түсті (видео)

Талқылау