Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Altyn Bank ипотекалық несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендетіп, комиссия алмайды

Altyn Bank өз ипотекалық өнімдері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің төмендегенін мәлімдеді. Жаңартылған шарттардың арқасында банк клиенттері тұрғын үй несиесін бұрынғыға қарағанда тиімдірек, комиссиясыз және табысын икемді тәсілдерімен растау арқылы рәсімдей алады.

Ипотека бойынша мөлшерлеме қалай өзгерді?

• Сандық ипотека (банктің жеке бағдарламасы):

Біртұтас сыйақы мөлшерлемесі — 18%, ЖТСМ (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі) 19,6% болып белгіленді. Бұған дейін мөлшерлеме 15%-дан 21,5%-ға дейін (ЖТСМ 20,8%-дан 24%-ға дейін) аралығында болатын. 

• Құрылыс компанияларымен бірлескен ипотека:

Енді 0,1%-дан 18%-ға дейінгі мөлшерлемелер қолжетімді (ЖТСМ — 0,1%-дан 19,55%-ға дейін). Бұрын: 0,1%-дан 19% дейін (ЖТСМ 0,1%-дан 20,73%-ға дейін) болған. 

Altyn Bank қандай ипотекалық бағдарламаларды ұсынады?

Altyn Bank өз клиенттеріне екі түрлі ипотекалық өнім: банктің жеке ипотекалық бағдарламасы және құрылыс компанияларымен бірлескен серіктестік бағдарламаны ұсынады. Серіктес құрылыс компанияларының тізімі үнемі кеңейіп отырады.

Altyn Bank-тің ипотекалық бағдарламаларының шарттары қандай? 

Жеке ипотекалық бағдарлама – "Сандық ипотека":

• Бастапқы жарна – 20%-дан бастап;
• Сыйақы мөлшерлемесі – 18% (ЖТСМ 19,6%);
• Несие сомасы – 175 миллион теңгеге дейін;
• Несие мерзімі – 20 жылға дейін;
• Комиссиясыз рәсімделеді.

Құрылыс компанияларымен бірлескен серіктестік ипотекалық бағдарлама:

• Бастапқы жарна – 20%-дан бастап;
• Сыйақы мөлшерлемесі – 0,1%-дан 18%-ға дейін (ЖТСМ 0,1%-дан 19,55%-ға дейін);
• Несие сомасы – 175 миллион теңгеге дейін;
• Несие мерзімі – 20 жылға дейін;
• Комиссиясыз рәсімделеді. 

Сондай-ақ, екі бағдарлама да азаматтардың табысын ресми және жанама түрде растау мүмкіндігін қарастырады. 

Altyn Bank арқылы ипотекаға кімдер, қандай жылжымайтын мүлік сатып ала алады?

Altyn Bank-тен ипотеканы Қазақстан Республикасының азаматтары немесе Қазақстанда тұруға рұқсаты бар шетел азаматтары рәсімдей алады. Өтініш берушінің жасы несие мерзімі аяқталған сәтте 21 жастан 65 жасқа дейінгі аралықта болуы тиіс. Банк тарапынан еңбек өтіліне қатысты талап қойылмайды.

"Altyn Bank" АҚ (China CITIC Bank Corporation Ltd Еншілес банкі) — корпоративтік және жеке клиенттерге қызмет көрсететін әмбебап коммерциялық банк. Ол өнімдер мен қызметтердің толық спектрін ұсынады. Жеке тұлғаларға қызмет көрсету Altyn-i цифрлық банкингі арқылы жүзеге асырылады. Банк активтер көлемі бойынша Қазақстанда 12-орында тұр және қазақстандық коммерциялық банктер арасындағы ең жоғары рейтингтердің біріне ие: Fitch – "BBB", Moody’s – "Baa3". Банктің 6 филиалы бар: Алматы, Астана, Атырау, Шымкент, Ақтау және Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) кіреді.

ҚНРДА 2024 жылғы 23 қазанда берген № 1.1.114, № 3.3.254/46 лицензиясы.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 18 Маусым, 2025 09:30
Талқылау