Altyn Bank ипотека бойынша мөлшерлемелерді төмендетті
Altyn Bank өз ипотека бағдарламалары бойынша мөлшерлемелер төмендетілгенін хабарлады. Енді банк клиенттері тұрғын үй несиесін әлдеқайда тиімді шарттармен ала алады. Ал ол үшін банкке барудың қажеті жоқ, өтінішті Altyn-i қолданбасында онлайн беруге болады.
Altyn Bank қандай ипотекалық бағдарламалар ұсынады?
Altyn Bank өзінің ипотекалық өнімдерін сонымен қатар тізімі үнемі кеңейіп отыратын құрылыс салушылармен бірлескен серіктестік бағдарламаларды да ұсынады. Қос бағдарламада клиенттерге жылжымайтын мүлікті сатып алудың қолайлы шарттары бар.
Ипотека мөлшерлемелері қалай өзгерді?
Өзінің ипотекалық бағдарламасы бойынша несиелік мөлшерлеме жылдық 15% - дан басталады (ЖТСМ 19,6% - дан), бұл ұсынысты нарықтағы ең тартымды ұсыныстардың біріне айналдырады.
Бұрын мөлшерлемелер жылдық 16,5%-дан (ЖТСМ 21,77%-дан) басталған.
Құрылыс компанияларымен серіктестік ипотека бағдарламасы бойынша мөлшерлемелер жылдық 0,1%-дан (ЖТСМ 0,1%-дан) басталады. Мөлшерлемелер әсіресе ұзақ мерзімге – 10 жылдан 20 жылға дейін берілетін несиелер үшін айтарлықтай төмендеді. Бұл жағдайда мөлшерлемелер жылдық 13%-дан (ЖТСМ 13,8%-дан) басталады.
Серіктестік ипотека бағдарламасы бойынша қалай ипотека рәсімдеуге болады?
- Серіктес құрылыс компаниясымен хабарласып, пәтер таңдаңыз. Серіктестер тізімі банктің сайтында көрсетілген. https://altyn-i.kz/partners.
- Altyn-i ұялы қолданбасында ипотекаға өтініш беріңіз. Өтінішті мақұлдауға небәрі бірнеше минут кетеді.
- Өтініш мақұлданғаннан кейін жеке кабинетіңізде ипотеканың рәсімделгенін растап, банктік келісімшарт жасау қажет.
- Банк ақшаны құрылыс компаниясына өзі аударады және сол туралы SMS арқылы хабарлайды.
Altyn Bank ипотека бағдарламалары бойынша шарттар қандай?
Өз ипотека бағдарламасы:
- Бастапқы жарна 0%-дан басталады (бастапқы жарнаның орнына қосымша кепіл болған жағдайда).
- Сыйақы мөлшерлемелері – 15%-дан (ЖТСМ 19,6%-дан) басталады.
- Несие сомасы – 175 млн. теңгеге дейін.
- Несие мерзімі – 240 айға дейін.
- Рәсімдеу комиссиясыз/комиссиямен.
Құрылыс компанияларымен бірлескен серіктестік ипотека бағдарламасы:
Бастапқы жарна 0%-дан басталады (бастапқы жарнаның орнына қосымша кепіл болған жағдайда).
Сыйақы мөлшерлемелері – 0,1%-дан (ЖТСМ 0,1%-дан) басталады.
Несие сомасы – 80 млн. теңгеге дейін.
Несие мерзімі – 240 айға дейін.
Клиенттер үшін комиссия жоқ.
Сондай-ақ қос бағдарлама да несиені кірісті растаумен және растаусыз рәсімдеуді қарастырады.
Алтын Банк-те кім және қандай жылжымайтын мүлікті ипотека бойынша сатып ала алады?
Altyn Bank-те 21 жастан асқан және несие мерзімі аяқталғанға дейін 65 жастан аспайтын Қазақстан азаматтары немесе ҚР-да тұруға ықтиярхаты бар басқа мемлекеттің азаматтары ипотека рәсімдей алады.
Банкте еңбек өтіліне қатысты талап қоймайды.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 1.2.23 / 194/33 лицензиясы. Қазақстан Республикасы
Анықтамалық ақпарат:
"Altyn Bank" АҚ (China CITIC Bank Corporation Ltd ЕБ) – корпоративтік және бөлшек сауда клиенттерге қызмет көрсететін әмбебап коммерциялық банк. 6 филиалы бар: Алматы, Астана, Атырау, Шымкент, Ақтау қалаларында.
Altyn-i – жеке тұлғаларға арналған цифрлық банк, Altyn Bank жасаған бренд. Негізгі артықшылықтары – қызметтердің 24/7 қолжетімділігі, икемді шарттар және инновациялық цифрлық мүмкіндіктер.