Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алты күнде безеуден арылған модель сұлулықтың құпиясымен бөлісті

Айналасы бір аптаның ішінде бетіндегі ірі безеулерден арылған модель сұлулығының құпиясымен бөлісті. Табиғи өнімдердің көмегімен бет-жүзін тап-таза күйге жеткізген бойжеткен жеке басынан өткен оқиғасын баяндап, желі “жұлдызына” айналды.

Бұл туралы The Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Дегеніне жеткен қыздың айтуынша, бет терісін мінсіз күйге жеткізу үшін небәрі алты ережені сақтаған жөн.

«Таңертең бет терісін ылғалдандыратын иісмай жағамын, ал бетіме бояу жаққан күні міндетті түрде бетімді тазартып, арнайы маска жасаймын. Егер макияж жақпасам, бетімді жайыма қалдырамын”, – деп бастады әңгімесін модель.

“Бірінші кезекте – 100 пайыздық жожоба майымен екі қайтара тазартамын. Артынша жарты шай қасық куркума, дәм қабық (авт. корица) мен балды араластырып, маска жасаймын”, – деп бөлісті модель.

Бұдан кейін бойжеткен фирмалық Shea Terra Organics Rose Hips & Carrot Perfecting Serum және ылғалдандырғыш Doterra Lavender иісмайын қолданатынын айтты. Сондай-ақ, бойжеткен күн сайын күннен қорғайтын крем жағатынын жасырмады. Ал соңғы құпиясы – модель әртүрлі шөптерді ішке қабылдайды екен.

 


Безеуден қалай құтылуға болады: толық нұсқаулық

Талқылау