Алты баланың өлі денесін жасырған әйел ұсталды
45 жастағы әйел алты баланың денесін сақтау камерасында ұстаған. Балалар мәйітін сақтау камерасының қызметкерлері байқап қалған.
Әйел төлеу мерзімі өтіп кеткен жәшіктерді осылайша жасырып отырған. Оқиға Канадада болды. Қорапта 34-40 апталық бес ұл бала мен бір қыз баланың денесі болған. Мәйіттер қоқысқа арналған пакетте болған. Олардың біріне ыдыс жуатын сұйықтық екіншісіне цемент толтырылыпты. Мамандардың сөзінше балалар тірі туылған болуы мүмкін. Әйел әр баланың өлімі үшін екі жыл түрме жазасына кесілуі мүмкін.
Талқылау