"Алтын Орда базарына кеткен": Алматыда 18 жастағы қыз із-түссіз жоғалып кетті
Алматы маңында 18 жастағы қыз жоғалып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Отбасының жеке мұрағатынан
Туыстарының айтуынша, Аружан есімді қыз 19 қаңтар күні таңертең үйден шығып, қайтып оралмаған. Қыздың телефоны өшірулі.
"Ол үйден сағат 10-да шықты. Ол Алтын Орда бағытында базарға кетіп, содан жоғалып кетті. Сағат 5-те іздей бастадық, телефоны өшірулі", – дейді жоғалған қыздың әпкесі.
Алматы облыстық полиция департаменті қыздың жоғалғаны туралы ақпарат түскенін растап, іздестіру жүріп жатқанын мәлімдеді.
"Қарасай аудандық полициясына 18 жастағы қыздың жоғалып кетуіне қатысты арыз тіркелді. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары жоғалған қыздың қайда екенін анықтау үшін қажетті шараларды қабылдауда", – делінген полиция хабарламасында.
Кейіннен полиция жоғалған қыз туыстарының үйінен табылып, ата-анасына аман-есен табысталғанын мәлімдеді.
Қыздың орналасқан жері анықталғаннан кейін полицейлер қыздың өзімен және ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізді.
Еске салсақ, бұған дейін құтқарушылар үш күн бойы іздеген турист Алматы облысының тауларынан табылған еді.