Алтын мен күміс бағасы рекордтық деңгейге жетті

Сауда деректеріне сәйкес, алтын мен күміс бағасы тарихтағы ең жоғары деңгейге жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
29 қаңтар таңғы сағат 08:20-дағы жағдай бойынша Нью-Йорктегі Comex биржасында алтынның сәуір айына арналған фьючерсінің бағасы алдыңғымен салыстырғанда 4% немесе 212,4 долларға өсті. Ал бір трой унциясы 5 516 доллар болды. Сауда барысында алтын бағасы бір унция үшін 5 584,3 долларға дейін көтеріліп, тарихи рекорд орнатты.
2025 жылы Қазақстан алтын сатып алудан әлемде екінші орынға шықты
Айта кетейік, 28 қаңтарда алтынның биржалық құны тарихта алғаш рет бір трой унциясы үшін 5,2 мың доллар межесінен асты. Осы уақытта күмістің бағасы да 4% қымбаттап, бір унциясы үшін 118,08 долларға жетті. Бірнеше күн бұрын бағалар 109,32 долларға өскен еді.
Қазақстан Ұлттық банкі дерегіне сәйкес, 28 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 1 грамм алтынның бағасы 82 164,45 теңге болды. Жыл басынан бері алтын бағасы 10 864,24 теңгеге өскен.
Айта кетейік, бұған дейін Алтын мен күміс бағасы рекордты деңгейде қымбаттағаны туралы жазған едік.