Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сицилия жағалауындағы яхта апаты: Құтқарушылар тағы бес адамның мәйітін тапты

Дүйсенбі күні таңертең Сицилия жағалауында британдық кәсіпкерге тиесілі яхта суға батып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Апат салдарынан 6 адым іс-түссіз жоғалып кетті. Сәрсенбі күні италиялық сүңгуірлер Bayesian яхтасындағы бес жолаушының мәйітін тауып, жағаға алып шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың барлығы суға батқан яхтаның ішінде болған. Сүңгуірлер соңғы адамның денесін іздеп жатыр. 

Құтқару операциясы кезінде апаттан кейінгі 1 сағат ішінде 15 адам құтқарылды, оның ішінде бір жасар бала бар. Кемедегі аспазшы Рикалдо Томастың денесі дүйсенбі күні кешке табылды.

“Қаза тапқандардың аты-жөні жарияланған жоқ. Италия заңы бойынша, марқұмның жеке басын отбасы мүшесі анықтауы керек. Содан кейін ғана ақпарат баспасөзге жарияланады”, – делінген хабарламада.

Із-түссіз жоғалғандардың қатарында 59 жастағы британдық миллиардер Майк Линч, оның 18 жасар қызы Ханна, сондай-ақ екі ерлі-зайыпты: Morgan Stanley International директорлар кеңесінің басшысы Джонатан Блумер және оның әйелі Джуди мен адвокат Крис Морвилло әйелі Неда бары белгілі болды.

Болған жағдайды алдын ала бағалау үшін Сицилияға төрт адамнан тұратын британдық инспекторлар тобы келді. Олар апаттың нақты себебін анықтау үшін итальяндық билікпен бірлесе жұмыс істеуде.

Талқылау