Алмазбек Атамбаев Назарбаев қатысатын саммитке барудан бас тартты
Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаев 10-11 қазан күні өтетін ТМД елдерінің басшыларының кеңесі мен Жоғарғы Евразиялық экономикалық Кеңес отырысына қатыспайтын болды.
Атамбаевтың бұйрығымен ТМД елдерінің басшыларының кеңесі мен Жоғарғы Евразиялық экономикалық кеңеске қатысу үшін Сочиге премьер-министр Сапар Исаков бастаған делегация аттанады, деп хабарлайды Sputnik Кыргызстан.
«Сайлауға қатысты өзге саясаткерлер тарапынан болып жатқан тәртіпсіздіктерге байланысты презиент ел қауіпсіздігін өзі қадағалау мақсатында іс-сапарын ауыстырды», – делінген Қырғызстан республикасының баспасөз қызметінің хабарламасында.
Жоғарғы Евразиялық экономикалық кеңес – Евразиялық экономикалық кеңестің жоғарғы ұлттық органы. Оның құрамына ЕЭО-қа мүше елдердің басшылары кіреді.
Кеңеске Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысады.
Тағы да оқыңыз:
Дүйсенова Қырғыз президентінің “Қазақстанда зейнетақы аз” дегеніне қатысты пікір білдірді
Министр қазақстандықтардың қанша сағат жұмыс істеуі керек екенін айтты
Ұшақта қаза тапқан дәрігерлер баруы тиіс болған 6 баланың анасы көз жұмды