Алматының ауасын ластаған табиғат пайдаланушылары жазаланды
Алматының экологиясына жүрдім-бардым қараған табиғат пайдаланушыларына 79 миллион теңге әкімшілік айыппұл салынды. Мұндай заң бұзушылақтар 2016-17 жылдары жүргізілген ішінара және жоспардан тыс тексеру барысында анықталған. Бұл туралы КТК хабарлады.
Алматыда ауаға ірі көлемде зиянды қалдық шығаратын 10-ға жуық қана өнеркәсіп бар деп ақталған экология департаментінің өкілдері, атмосфераның ластану деңгейі төмендегенін айтады. Олардың дерегінше, соңғы үш жылда зиянды қалдықтар көлемі 43 мың тоннадан 38 мың тоннаға дейін азайыпты-мыс. Ал, мамандардың қырына жылу электр станциялары, өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік құралдары мен қатты отын қолданатын жеке секторлар іліккен. Бірақ, Алматының ауасын ластаушылардың көшін бастап тұрған ТЭЦ-2 жылу қазандығының қашан газға ауысатыны әзірге белгісіз күйінде қалып отыр.
«Сегіз қазандық бар. Оның ішінде жетеуі кеңес үкіметінің кезінде салынған. Оның бәрін газға ауыстыру оңай шаруа емес. Көптеген қаражатты талап етеді»,- дейді Экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Талғат Қамбетов.
Оқи отырыңыз:
Мүгедек баланы азаптап өлтірді деп айыпталған тәрбиеші кешірім сұрады
Төтенше жағдайлар комитеті кинотеатрларды төменгі қабаттан салуды ұсынды
Ақтауда оралмандар баспаналарынан қуылып жатыр
Талдықорғанда батырлардың ескерткіш алдында есіре билеген бойжеткен қамауға алынды