Алматылықтар Шымбұлақтың қымбаттауына қарсы байкот жариялады
10 желтоқсаннан бастап Шымбұлақ бағасы 9500 теңге болмақ. Бағаның қымбаттауына байланысты желіде байкот жарияланды.
Алматы қаласының ішкі саясат басқармасының бұрынғы жетекшісі Санжар Боқаев қазақстандықарды байкот жариялауға шақырды.
«Біз мінберде тұрып алып Қазақстандағы спортты дамыту туралы айтамыз. Алайда Шымбұлақ демалыс орны кіру құнын қымбаттатты. Бұл қазақстандықтар үшін қолжетімді баға емес. Егер ата-аналар баласын тау шаңғысына қатыстыра алмайтын болса, онда қысқы спорт түрін дамыту туралы несіне сөз қозғаймыз? 4 адамнан тұратын бір отбасы үшін кіру құны 20 мың. Жалға алуы – 30 мың. Елдің бәрі кәсіпкер емес.
Ең қынжылтатыны ешкім не себепті бағаны көтеруінің себебін түсіндірмейді. Мемлекет есебінен Азиада алдында Шымбұлақтың инфрақұрылымын дмытуға қаражат бөлінген.
Шымбұлақ демалыс орнынын басшылары, неліктен бағаны көтердіңіздер? Онсыз да аз ақша тауып жатқан жоқсыздар», – деп жазды ол.
Актер әрі режиссер Азамат Ашимов #бойкотшымбулак хэштегіме байкот жариялауды ұсынды.
«Бір күні Шымбұлаққа кіру құны 20 мың теңге болады. Сондықтан ойланайық. Жұмыла күресейік», – деп жазды актер.
Белгілі қазақстандық блогер Денис Кривошеев те бұған қарсылық танытты.
«Азиада алдына жасалған жөндеу жұмыстары бағаны өсіруге себеп емес. Ол мемлекет есебінен жасалды. Шымбұлақ жетекшілері балалар билетінің бағасын төмендеткенін айтады. Бірақ 10 жасқа дейінгі балалар деп шектеу қойған. Мен үшін бұл өте қымбат баға», – деп жазды ол.
Байкот арқылы бұл мәселе шешіледі деп ойламаймын. Бұл жайт елбасыға жетуі тиіс. Сонда ғана шешіледі. Мемлекет халықты қанау үшін осындай орындарды құрып жатпаған шығар. Бағаның өсуі басшыларының ауысуымен де байланысты деп жатыр. Мүмкін Шымбұлақты муниципалды меншік ретінде өткізу керек шығар?», – дейді блогер.
Бұған дейін Шымбұлақ жетекшілері толық жөндеуден өтуіне байланысты абонемент бағасының өскенін мәлімдеген еді.
Тағы да оқыңыз:
Алматы облысында апатқа ұшыраған автобус жолаушылары оқиғаның қалай болғанын айтып берді
Елбасы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазына басшылық қызмет ұсынды
ШҚО-да полицейдің жұбайы балаларын өлтіріп, соңынан өзіне қол салған