Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық түлектер лимузинде серуендеудің орнына қатерлі ісікке шалдыққан балаларға сыйлық алып берді

Алматы қаласындағы №54 мектептің түлектері әдеттегідей лимузинмен қыдырудың орнына Онкология және радиология қазақ ғылыми-зерттеу институты балалар орталығындағы палаталардың біріне теледидар алып берген.

Алматылық түлектер лимузинде серуендеудің орнына қатерлі ісікке шалдыққан балаларға сыйлық алып берді

Бұл туралы Қазақстан паллиативтік көмек қауымдастығының президенті Гүлнар Күнірова Фейсбуктегі парақшасында хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
мүмкіндік береді.

«Бұл ерекше күн Алматыдағы №54 мектептің түлектерінің есінде мәңгі қалмақшы. Бүгінде олар көпшілікке ой салар және жүректерінде ерекше із қалдырарлықтай игі іс жасады. Барлық түлектер үшін дәстүрлі саналатын лимузинмен серуеннің орнына, олар мектеп директоры мен ата-аналарымен ақылдасып, қыдыруға кететін қаражатты Онкология және радиология қазақ ғылыми-зерттеу институты балалар орталығындағы палаталардың біріне теледидар алып беруге жұмсау туралы шешім қабылдапты. Көптеген балалар үшін қайырымдылық тәжірибесі олардың өмірінде бірінші рет болып тұр. Бұл олардың жаңа жауапты өмірлерге қадам басар маңызды сәтіндегі игі іс болсын», – деп жазды Гүлнар Күнірова.

Алматылық түлектер лимузинде серуендеудің орнына қатерлі ісікке шалдыққан балаларға сыйлық алып берді

Қазақстан паллиативтік көмек қауымдастығының президенті осы шараға қолдау көрсеткен
№54 мектептің директоры мен ата-аналарға және түлектерге алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

«Балалар орталығында әлі де теледидар жоқ тағы 11 палата бар.1 маусым қарсаңында бұл бастаманы басқа мектептердің түлектері де жалғастырса нұр үстіне нұр болар еді», – деп атап өтті Гүлнар Күнірова.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау