Алматылық отбасының ЭКО арқылы дүниеге келген үш бірдей баласы сал ауруына шалдыққан
ЭКО арқылы дүниеге келген үш баласы бірдей сал ауруына шалдыққан Алматы облысының тұрғыны Гүлмира Омарова халықтан көмек сұрап отыр. Сәбилерді Қытай дәрігерлері аяққа тұрғызамыз депті. Алайда, жас ана емге керек 100 мың АҚШ долларын таба алмай отырмын деп қынжылады.
Бұл туралы 31 арна хабарлады.
Гүлмира Омарова тұңғыш қызымнан соң араға тоғыз жыл салып, бірден үшем туғанда қуанышым қойныма сыймай кетіп еді дейді. Ұлдарына үлкен үміт артып, Нұрислам, Нұрәли, Нұрмұхамед деген есім береді. Бірақ, отбасының қуанышы ұзаққа созылмады. Дәрігерлер алты айында сәбилерге сал ауруы деген ауыр диагноз қояды.
«Менің бір-ақ арманым осылар шауып кетсе менің алдымда, ешқандай инвалидный коляскаға емес… Басқа арман болмаушы еді», – дейді балалардың анасы Гүлмира Омарова.
Сәбилердің не себепті ауыр кеселге ұшырағанын дәрігерлер дөп басып айта алмайды. Бірақ, Қытайдың Шанси ауданындағы оңалту ауруханасы балаларды аяққа тұрғызуға мүмкіндік бар депті. Ол үшін үшем он ай бойы үзбей ем алуы керек. Балаларының қиналғанын көріп, қол қусырып отыра алмаған ана шот ашып, амалсыздан көмек сұрауға мәжбүр. 7 миллион жинаған отбасына әлі 25 миллион теңге керек.
«Барлық дәрігерлер айтады олардың болашағы бар дейді. Просто сіздерге кету керек деп врачтардың өздері айтып жатыр. Қазақстанда реабилитацияны күтсең жылдар өтіп кетеді», – дейді Гүлмира Омарова.
Гүлмира аурушаң балаларға жалғыз өзі қарай алмайды. Сондықтан, анасы күнде келіп көмектесіп тұрады.
«Қызымды да аяймын, қызым да тозып кетті байқұс. Сол үшін келем, кейде келгім де келмейді, көргім келмейді. Көздері жәудіреп жатады. Не отыра алмайды, не жүре алмайды», – дейді балалардың әжесі Алтынқыз Омарова.
Үшем Астанада ем қабылдаған соң жағдайы жақсарып, ойыншық ойнап, ары-бері аунайтын жағдайға жеткен. Ал, ата-ананың ендігі үміті – Қытайдың ауруханасы.
Жіберіп алмаңыз:
Шымкенттік: Бас полицей үлкен қылмыстарды үнемі өзі қолдан жасады
Б.Сапарбаев үйі қирағандарға 100 мың теңгеден берілетінін жоққа шығарды
Шымкентте бір қызды екі рет алып қашқан жігіт сотталды
Павлодар әкімдігі 108 жастағы ең қарт ардагерді құттықтамай елеусіз қалдырды