Алматылық кәсіпкер зообаққа көмек ретінде жеке қаражатын жұмсамақ
Алматылық кәсіпкер Вячеслав Банщиков өз қаражатынан зообаққа көмектеспек ниетте.
Бұл туралы Facebook-те Ержан Еркінбаев есімді қолданушы жазды, деп хабарлайды Stan.kz.
«Үлкен тақырыптарды қозғамайтын, есесін қайырымды іс жасайтын досымызбен танысып қойыңыздар. Ол – Вячеслав Банщиков! Жай ғана зообаққа келіп: «Қандай көмек бере аламын?» – деп сұрады. Мен қажетті нәрсенің бәрін атай бастадым: пілдерге душ, бегемот пен салпыерінге «қоныс», азық алдырту керек, күркені бояу керек, асфальт қойып, су жүргізу керек… Слава үндеместен тыңдап, былай деді: «Жартысын қазір, ал жартысын ақырындап жасап берейін, күздің соңына дейін».
Яғни жақында пілдер душқа ие болады. Барлығы Вячеславтың арқасында. Ол құбыр желісін қойған соң, біз тағы бір ұңғыманы қоса аламыз. Сонда барлық жануарлардың тоғандары мен бассейнде таза су болады. Бұдан өзге, Слава күркелерді жөндеп, Зообақ келушілері үшін тегін су беретін арнайы диспансерлер орнатпақ. Нағыз жүрегі жұмсақ әрі танымы мықты адам осы емес пе? Өз елінің нағыз патриоты осындай болмай ма?» – деп жазды ол.
Өз кезегінде желі оқырмандары кәсіпкердің әрекетіне тәнті болды.
“Нағыз құрметке лайық азамат”, “Мейірімді жүрек иесі, рахмет саған”, “Сөз жоқ, қандай қайырымды іс! Мадақ және абырой”, “Алдыңызда бас иеміз, көп рахмет”, – деп жазды желідегілер.
Жіберіп алмаңыз:
Алматыда жаңа үйдің қабырғасы опырылып көлік үстіне құлады (видео)
Тоқтар Төлешовтің автокөліктері өз бағасынан 2 есе арзанға сатылмақ
Қазақстандық қызға сүйіктісі тұрмысқа шығуға ұшақ бортында ұсыныс жасады (видео)
Атырау тұрғыны қауіпті қылмыскерлерді ұстау кезінде танытқан ерлігі үшін марапатталмақ