Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық кәсіпкер жарты жылдың ішінде қазақ тілін үйреніп алуды көздеп отыр

Қазақ тілін үйренгім келеді деп әлеуметтік желіде жазба қалдырған кәсіпкер Вячеслав Попов бір тәуліктің ішінде Фейсбук жұлдызына айналып шыға келді.

5454

Бұл туралы “Алматы” телеарнасы хабарлайды.

Автор желі қолданушылары мұндай реакция танытады деп күтпедім дейді.

“Біз өзіміз жеке облыстарға ауыз су тартқымыз келеді және бізде гидроэнергетикалық жобалар бар. Ал аудармашыны үнемі ертіп жүру мүмкін емес, мен сол себепті қазақ тілін үйренемін деп шештім. Егер сенің не айтқаныңды түсінетін болса, онда сені құрметтейді. Сені құрметтегені бір бөлек, егер сен дәстүрге, мәдениетке, тіл мен ділге жағымды көзқараспен қарар болсаң бұл мүлде басқа деңгей”, – дейді Вячеслав Попов.

Кәсіпкер қазақ тілін жарты жылдың ішінде үйреніп алуды көздеп отыр. Оның үстіне оған бірқатар білім орталықтары қолдау білдіруге дайын отыр. Тәжірибелі мұғалім Әлима Сабырованың айтуынша, ол 10 адамға дейін оқытып, тіл ұстартып жүр екен.

“Қазақ тілін үйренгісі келетіндер көп-ақ, алайда мұғалімдер аз. Менің көзқарасым бойынша, мемлекеттік тілде оқу және сабақ беру қиын емес. Мен бұл салада 30 жылдай істеп келе жатырмын, жоғарғы оқу орындарында да сабақ бердім. Осында істеген соңғы 10 жылда қазақ тілі курсынан өте алмай қалған адамды көрмедім”, – дейді Әлима Сабырова.

Тілдерді дамыту басқармасының да мәліметінше, мемлекет құрушы ұлттың тілін үйренгісі келетіндер саны жыл сайын артып келеді екен. Былтырғы жылы 500 мемлекеттік қызметкер мен тағы 100 азамат тегін курстардың арқасында қазақ тілінде сайраған. Оқудың ақшасын 20 миллион теңге бөліп тұрып қалалық әкімшілік төлеп беріпті.

Оқи отырыңыз:

Алматылық зейнеткер немересін нағашы атасы мен жездесі қорлап келгенін айтып ашынды

Жүрегі оң жағында орналасқан қазақ қызы сөздерді керісінше оқиды

Шымкентте туып Американы бағындырған қазақ жігіті туған жеріне келді

Қазақтарға орысша “сәнді сөздердің” аудармасын қолдану ұсынылды

Талқылау