Алматылық азамат ерекше өнерімен жұртты тамсандырды (фото)
Алматылық Святослав Москвин өзінің бірегей шоуымен жиылған көрермендерді таңқалдырды. Ол сабын көпірінділерімен жонглерлік жасап, оларды бірде бұлттардың, енді бірде жанартаудың кейпіне енгізді.
Бұл туралы express-k.kz хабарлайды.
Осы күнге дейін Святослав Москвин сабын ерітіндісін қалай жасайтынын құпия ұстап келді. Бұл өнерді оған Санкт-Петербург қаласының өнерпазы Майк Смайл үйреткен.
“Сабын – өте құбылмалы, ұзаққа шыдамайтын әрі қозғалғыш материал. Ол небәрі 20 секунд өмір сүретіндіктен, аз уақыт ішінде барлық трюкті жасап үлгеру қажет. Ең бастысы, мұның барлығы үлкендердің де, балалардың да көңіл-күйін көтереді”, – дейді Москвин.
Талқылау