Алматылық альпинист Аяз аталар емханада жатқан балаларға сыйлық таратты
Аяз атаның киімін киіп, базарлығын арқалап, ғимаратқа өрмелейді. Сөйтіп олар емхана мен балалар үйіндегі жас өрендерді естен кетпес қуанышқа бөледі.
Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды.
Альпинист Аяз ата балалар емханасы ғимаратымен өрмелеп барады. Арнайы арқан 1 тоннаға дейінгі салмақты көтере алады. Сондықтан аса қауіпті емес. Төртінші қабаттағы палатада балалар сыйлығын тағатсыздана күтіп отыр.
Барлығы ертегідегідей. Аяз ата келем десе, сыйлығын терезеден береді. Балалармен қоса үлкендер де қуанышты. Дәрігерлердің айтуынша, науқас бүлдіршіндерді дәл осылай қуантудың дәрі-дәрмектен әлдеқайда пайдасы зор.
Келесі нысан – балалар үйі. Мұнда да көздері жәудіреген балғындар Аяз атаның келуін күтіп отыр. Осындай мерекелік шара алғаш рет өткізілді. Ұйымдастырушылары – қалалық қорғаныс ісі басқармасы мен «Киров» әскери-патриоттық клубы.
«Қазіргі таңда Алматыда 20-ға жуық әскери патриоттық клуб бар. Қалалық қорғаныс істері жөніндегі департамент бұл клубтарды өз қамқорлығына алып, материалдық және әдістемелік қолдау көрсетіп тұрады», – дейді қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Кристина Новикова.
Жалпы ғимаратқа шығуға қарағанда оған дайындық көп уақытты алады. Арнайы құрал-саймандарды реттеп, қауіпсіздік шараларын мұқият қадағалау қажет.
Оқи отырыңыз:
Астролог: Ит жылы басы бос жандар отбасын құрады
Баян Мақсатқызы: Мен адамдардан мейірім, махаббат пен түсіністікті күтпеймін
Жүрсін Ерман Төреғали Төреәліні сахнаға шығару үшін халықтан рұқсат сұрады