Алматыдағы жалдамалы пәтерде тоңазытқыш ішінен екі баланың денесі табылды
Алматыдағы Түрксіб ауданындағы жалдамалы пәтердегі тоңазытқыш ішінен екі баланың денесі табылды.
Бұл туралы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Алдын ала ақпараттар бойынша, осыдан шамалы уақыт бұрын үш баласы бар әйел осы пәтерді жалдаған. Балаларының үлкені 4-те, ортаншысы 1,5 жаста. Ал кішісі бір жас шамасында. Бірер күн бұрын көршілер пәтерден шыққан жағымсыз иісті сезіп, полиция шақыртқан.
Есікті бұзып кірген полицейлер екі баланың денесін тауып алады. Әйел мен үлкен ұлының қайда екені белгісіз. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабы бойынша іс қозғалды.
Оқи отырыңыз:
ШҚО-да ұрылар бір отбасының екі мүшесін өлтіріп, қомақты ақшаны ұрлап кетті
Маңғыстау облысында тойдан қайтып келе жатқан бір отбасының 7 адамы жол апатынан көз жұмды
Талқылау