Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы сарбаздар үйіндегі гей-кеші: Әскерилер наразылық білдіруде

Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағындағы жауынгергер үйіндегі гей-кеші интернационалист-жауынгерлердің намысына тиіп, ашуын келтірді. Бұл жаңалық туралы естіген ауған соғысының ардагерлері мәдени және білім беру ғимараты мұндай кештерге арналған орын емес деп санайды.

Алматыдағы сарбаздар үйіндегі гей-кеші интернационалист-жауынгерлердің ашуын келтірді

Бұл туралы 31-арна хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Олардың сөзінше, бұның бәрі жас ұрпақтың сана-сезімін ұлау және ардагерлердің намысын жерге таптау.

«Бұл кештің дәл жауынгерлер үйінде болғаны әрине, өте іш қыншылтарлық жағдай. 28 панфиловшылар саябағы біздің халқымыздың тарихи-батырар мұрасының орталығы. Біздің халық бұл жерді 20-ғасырда қаза тапқан батырларды мәңгі есте сақтатын мәдениет орны ретінде санайды. Ал, осы жерде гей-кешін дұрыс емес деп ойлаймын»,-дейді Ауған соғысына қатысқан ардагерлер мен мүгедектер кеңесінің мүшесі Мұрат Әбдүшкүров.

Алматыдағы сарбаздар үйіндегі гей-кеші интернационалист-жауынгерлердің ашуын келтірді

Ал, ғимарат әкімшілігі олса бұл гей-кеші өткізілген нысан жеке мекшік барға жалға берілген деп түсіндірді. Олар кешенді осы жолмен қаржыландырып отыр екен. Сондай-ақ, олар да клуб иелері де, жабық кештің өтетіні туралы білмегендерін айтты. Себебі, ғимаратты жалға алушылар ол жерде қандай кеш өткізейін деп жатқандарын ашып айтпаған көрінеді.

«Бұл қарапайым кеш. Әдетте, кез-келген мейрамхана, кафелер осындай шаралар өткізуге жалға беріліп жатады. Иә, олар жалға берді. Бірақ, олар кеш туралы түнде біліп, осында келген соң жалға алушылар бәрін жауып, кешірім сұрап кетіп қалды»,-дейді сарбаздар үйінің басшысы Алтынбек Шұршаев.

Дегенмен, еліміздің көрікті жерлері саналатын ғимараттағы түнгі бар әдеттегідей жұмысын жалғастыруда. Ал, әкімшілік ғимаратты жалға берушілермен әңгімелескеннен кейін, мұндай атышулы гей-кештердің болмайтындығына көз жеткізгендерін айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау