Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Rixos қонақүйінің шатырынан құлаған адамның кім екені анықталды

Алматыдағы атақты «Риксос» қонақ үйінің шатырынан бір адам құлап мерт болды. Оқыс оқиға бүгін түске таяу болған, – деп хабарлайды КТК арнасы.

JdwP5tWaehT6062cCPPVbC5qPwoRho

Полицейлердің мәліметінше, 41 жастағы жұмысшы жөндеу жұмыстары кезінде желдің екпінімен құлап, ауыр жарақаттан оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Алайда қонақ үй басшылары бұл жағдайға Риксостың қатысы жоқ дейді. Өйткені биіктіктен құлаған жұмысшы осы ғимаратта орналасқан бизнес орталығында жүріп жан тапсырған екен.

Соған қарамастан қонақ үй күзетшілері өз аумақтарын қызғыштай қорғап әлек. Қара киінген бір топ жігіт түсіру тобына кедергі келтіріп, қонақ үй ауласында болған адам өлімін мейлінше жасырып қалуға тырысты. Ал тәртіп сақшылары биіктіктен құлап кеткен азаматтың жеке басын анықтап, қандай жағдайда қаза тапқанын тексеруде.

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін аталған қонақүйдің төбесінен ер адамның құлап кеткені туралы жазған болатынбыз.


Жіберіп алмаңыз:

Ақтауда жеңіл көлік әйел адамды қағып 20 метрге дейін сүйреп кетті

Анасының мүгедектігіне қарамай бас тартпаған баласы бүгінде Гарвард университетінде оқиды (фото)

Фитнес клубқа келген әйелдің жалаңаш суретін жариялаған Playboy моделі түрмеге қамалады

Бір жынысты секспен айналысқан екі тұрғынға 85 дүре соғылды

Талқылау