Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы ХҚКО тұрғындар туралы мәліметті өзгелерге заңсыз таратқан

Алматыдағы Халыққа қызмет көрсету орталығында дау шықты. Бұл туралы қала тұрғыны Анна Димитриевич желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz.

«Абайлаңыздар! ХҚКО біздің жеке мәліметтерімізді таратып жатыр. Бүгін Egov жеке кабинетіме кірсем, әлдекім менің атымнан анықтама алыпты. Мекен-жай туралы және жеке мүлікке қатысты анықтама. Сәрсенбі күні кешкі уақытта алған. Ал, мен ол күні сабақта болам. Алматы қаласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» департаментіне барып арыз жаздым. Қызметкер көрсетілген электронды мекен-жай бойынша кімнің кіргенін тексерді. Ақырында Алмалы ауданында бергені анықталды. Маған қызық болғаны қызметкер менің жеке куәлігім мен пастортымды ауыстыру керектігін айтты. Алмалы ауданындағы Халыққы қызмет көрсету орталығына бардым. Басшының орынбасары қызметкерді тауып, жағдайды тексерді. Анықтама берген қызметкердің айтуынша, мені мен танысым туралы ақпаратты Бердинов Серік есімді «Forte Bank» қызметкері алған. Оның маған не қатысы бар екенін түсінбедім. Бір анығы, қызметкерлер лауазымын пайдалан отырып мәліметтерді тарата береді.

Мұндай әрекет жылдар бойы бар сияқты. Департамент те бұл жайлы білетін секілді. Тағы бір қызметкер келіп менімен “Forte Bank” қызметкері сөйлескісі келетінін айтты. Тұтқаны алғанда ол менің несие алған-алмағанымды сұрады. Мен ешқашан несие алмағанымды айтты. Ол сандардан шатасқан болар деген болжам айтты. Әрі қарай тыңдағым келмеді.

Осыдан соң бір сағат күткеннен кейін банк қызметкері келді. «Глобал Капитал» ЖШС өкілі (өзін осылай таныстырды) келіп менің банктерге келісім берген-бермегенімді сұрады. Айтуынша, банкке келісім берген болсам, олар мен жайлы анықтама ала алады екен. Мен ондай келісім бермегенмін.

ХҚКО қызметкері анықтамалардың осы «Глобал Капитал» ЖШС арқылы берілетінін айтты. Мұның қандай сервис екенін айтайын. ХҚКО-ның кей қызметкерлері жекеменшік ЖШС мен банктермен ауыз жаласады. Ал, біз мұнда жемқорлық жоқ деп ойлаймыз. Бұлай жалғаса берсе, не боларын елестете беріңіз.

Осы кезде Олег Чернов келіп жағдайдың тексерілетінін, шара қолданатынын айтты. ЖШС қызметкері менің телефон нөмірімді алып қалды. Екінші қызметкер мәселені «өз арамызда» шешуді сұрады. Менімен шешілер. Ал, басқа мыңдаған адамды қайтеміз сонда? Олар алаяқтарға алданып жүре берсін бе?» – деп жазды Анна Димитриевич.

“Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының” баспасөз қызметі басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов желіде жазба қалдырып, аталған істің тексерілетінін, кінәлілердің міндетті түрде жауапқа тартылатынын айтты.

Тағы да оқыңыз:

Назарбаевтың “егізі” әділдік үшін өзін өртеуге дайын екенін айтты (фото)

Қазақстанда қандай жол ережелерін бұзғаны үшін айыппұлды жеңілдету қарастырылды

Дүйсенова қай зейнеткерлердің зейнетақысы екі есе өсетінін айтты

Талқылау