Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы кафесінде балаларға кальян жеңілдікпен сатылып жатыр

“Түтін иісінен еркін Қазақстан үшін” ұлттық коалициясы балалар мен жасөспірімдерді кальян түтінімен улап отырған кафе-барлардың иелерін айыптап отыр.

1270907505_kurenie_kalyana_i_ego_vozdejstvie_na_organizm

Сурет allwomens.ru

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Бизнесмендер өз саудасын шарықтату үшін, “Сыйлыққа кальян”, “Екіншісі тегін”, “Кальян шек те, өзіңді король секілді сезін” деген жарнамалармен алдайтын көрінеді.

“Олар ұятсыз жарнама жасап, кальяндарын балаларға сатып жүр”, – дейді “Түтін иісінен еркін Қазақстан үшін” ұлттық коалициясы жетекшісі Жәмила Садықова.

Жәмила Садықова интернеттен сондай бір мейрамхананың баспасөз-мәслихатын көргенін айтады. Онда бір адам тұрып, кәмілетке толмаған балалардың құжатсыз кіріп кетіп, тапсырыс бере алатындығын айтқан. Бұл ретте ресторатор Гурген Басенциян “Біз ата-анасымен бірге келген балаларға кальян ұсынамыз. Олар сосын ата-анам қасымда болған кезде, шектім деп айта алады” дейді.

Талқылау