Алматыдағы барахолка өртке оранды
Алматыдағы барахолка базарындағы “Байсат” сауда орталығы өртке оранды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

4 желтоқсан күні таңғы 05:57-де Алматы қалалық ТЖД бөлімшесіне шұғыл қоңырау келіп түскен. Жетісу ауданы, “Байсат” базарының солтүстік айналмасында сауда контейнерлерінен өрт шыққан.
Оқиға орнына бірден өрт сөндірушілер келір жеткен. Контейнерлер ашық жанып жатқаннан өрттің таралып кету қаупі жоғары болған.
Ал өрт сөндірушілер таңғы 07:19-ла өрттің бетін қайтарған. Қызыл жалынды құрықтау үшін 3 бірдей өрт сөндіру көлігі қажет болыпты. Жалпы төтенше жағдайды реттеуге жеке құрамның 100 маманы жұмылдырылған.
Өрттің шарпыған аумағы 280 шаршы метр. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Оқи отырыңыз:
Теміртауда педофил екінші сынып оқушысының үйіне басып кіріп, оны зорламақ болған
Өліге саналған жас жігіт мәйітханада оянып көрпе сұраған
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен