Алматыда жезөкшелер ордасына айналған тағы бір қонақ үй анықталды (фото)
Тексеру барысында интимді қатынас жасасқан екі әйел мен екі ер адам ұсталған. «Айнабұлақ» ықшамауданындағы қонақ үйлердің біріндегі азаматтар жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастырған.
Бұл туралы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлайды.
«Тексеру барысында 32 және 45 жастағы әйел мен 1985 және 1986 жылғы ер адам ұсталды. Аталған ғимаратта жеңіл жүрісті 10 қыз бары анықталды. Күдіктілерден қылмыстық сипатта алынған 177 мың теңге тәркіленді. Олардың ісі ҚР ҚК «Жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысатын ұйым не притондар» бабы бойынша қаралды», – деп мәлімдеді қалалық ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы Ерлан Оралбеков.
Жыл басынан бері қалалық ІІД бөлімі жезөкшелікпен айналысқан 22 притонды анықтаған. Оның 14 ісі жезөкшелікпен айналысу, 4 ісі кәмілетке толмағандарды жезөкшелікке тарту және 2 ісі адам саудасы жөнінде тіркелді.
Жіберіп алмаңыз:
Елордада 7 жыл бойы жезөкшелер үйін ұстап келген ерлі-зайыпты қолға түсті
Шетелде жезөкшелікпен айналысуды ұйымдастырған қарағандылық әйел сотталды
21 жасар қазақстандықты Сеулде жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген