Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына 1 миллион теңгеден беріледі

Алматы маңындағы ұшақ апатында қаза тапқандардың отбасына 1 млн теңгеден қаржы беріледі.

Бұл туралы  «EAST WING» әуе компаниясының президенті Виталий Масалитин хабарлады.

Оның сөзінше, апаттың нақты себебі әлі де анықталып жатыр.  Мәскеуге жіберілген қара жәшіктің сараптама қорытындысы жақын күндері белгілі болады деп күтіліп отыр, деп хабарлайды Астана арнасы.

Ал Шымкент халқы қаза тапқан дәрігерлердің бірі Талғат Патсаевты соңғы сапарға шығарып салды. 46 жасында бақилық болған профессордың артында екі перзенті қалды. Білікті дәрігерді ақтық сапарға шығарып салуға жиналғандардың қарасы қалың.

Туған туыстары, дос-жарандары мен әріптестері қысқа ғұмырында медицина саласына орасан үлес қосқан Талғат Әнапияұлы жайлы естеліктер айтты. Бар ғұмырын ана мен баланың денсаулығына арнаған білікті маман соңғы жиырма жылда Ұлттық акушерия, гинекология және перинатология орталығында қызмет еткен.

“Білікті маман, ешуақытта өзінің көмегін аямай, ешуақытта  ешқандай қиындықтан бас тартпай, өзінің бар ғұмырын медицина саласына, өзінің таңдап алған саласына  адал қызмет етті деп ойлаймын”, – дейді ОҚО офтальмологиялық ауруханасының бас дәрігері Дулат Үдербаев.

Еске салайық, 3 қазан күні Алматы маңында АН-28 ұшағы апатқа ұшырап, 5 адам көз жұмған еді.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстаннан шыққан автобус Ресейде пойызбен соқтығысып, 17 адам қаза болды (фото)

Алматыда тағы бір көкек ана сәбиін сөмкеге салып, көшеге тастап кеткен (фото)

Атырауда жоғалған жасөспірім өлі күйінде табылды

Талқылау