Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда тегін тамақ салынған тоңазытқыштар пайда болды

Алматыда мұқтаж жандар үшін тегін тамақ салынған тоңазытқыштар пайда болды.

8

Бұл туралы фудшеринг идеясының авторы Әлихан Байқоңыров Фейсбуктегі парақшасында айтты. Оның айтуынша, қалада тегінтамақпен толтырылған 3 тоңазытқыш қойылған.

«Тоңазытқыштар тамақпен толып тұр. Тоңазытқышқа тамақ әкелген адамдар саны көп. Сонымен, тоңазытқышты орнатуға не қажет? Қолайсыз ауа-райынан қорғайтын жабын. Бейнекамера мен күзет керек. Сонымен қатар бір тоңазытқышта бір асхананың тамағы салынғаны дұрыс. Бір тоңазытқыш қаланың орталығында тұр. Ол жерге жанындағы мейрамхананың тамақтары салынады. Одан өзгелері тамақ сала алмайды. Өйткені сақтау мерзімі өтпеген болуы тиіс. Егер мерзімі өтіп кетсе, лақтырып отырады. Түнде тоңазытқыштар өшіріледі. Тамақтың беті қаттамамен жабылып, пластикалық ыдысқа салынады.

Көп адам тоңазытқыштардың қайда екенін сұрап жатыр. Осы істі қолға алғанда көп адам тамақ бергісі келетінін айтып хабарласты. Біз мекен-жайды айтсақ, көмектесушілер мен мұқтаж жандар, журналистер қаптап кете ме деп отырмыз.

Қаланың барлық тұрғыны тоңазытқышқа тамақ сала алмайды. Сол жердегі тұрғын үйдің адамдары-ақ тоңазытқышы күнделікті толтырып отырады.

Бұл іске қолдау көрсетпек болып хабарласқан кәсіпкерлерді бары да қуантады. Олар Астана мен Қарағанды, Атырау, Семей, Бішкек, Тбилисиде осындай тоңазытқыштар қойғанға ұқсайды.

Екі-үш қана тоңазытқыш бүкіл қаланы қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан тұрғындар арасында да осы істі жалғастыратындар табылады деп үміттенем”, – деп жазады ол.

Тағы да оқыңыз:

Nursultan Aebishuly Nazarbaev: Белгілі саясаткерлердің есімі латын тілінде қалай жазылады?

Қазақ тілін латын әліпбиіне ауыстыру үшін қанша қаражат бөлінетіні анықталды

ШҚО-да қайықпен ғана қатынайтын ауыл бар

Шахан елдімекеніндегі тұрғын үйдің басшысы 4 жылға сотталды

Талқылау