Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда тәулік бойы ашық болатын тегін мұз айдындары ашылды

Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті күні тегін мұз айдындары ашылды.

Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні Алматыда екі жаңа әрі тегін мұз айдындары ашылды. Олар Қазақстанның Тұңғыш Президенті саябағы алдына және Желтоқсан көшесі мен Абылай хан даңғылының арасындағы Жібек жолы көшесінің бойына орналасқан. Мегаполисте 16 желтоқсанға дейін басқа да аудандандарда тағы да жеті мұз алаңдары ашылатын болады.

Мұз айдындарын қаланың барлық қонақтары мен тұрғындары тәулігіне 24 сағат бойы пайдалана алады. Сырғанайтын жерлерде келушілер үшін тамақтанатын орындар мен конькийлерді жалға алу ұйымдастырылған. Конькийлерді 2 сағатқа жалға алу құны 600 теңге. Жалға беру орындары жай күндері таңғы сағат 10-нан түнгі 22.00-ге дейін, ал демалыс күндері күндізгі сағат 12.00 ден 00.00-ге дейін жұмыс істейді.

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Мұз, балалар, спорт алаңдары қалалықтардың таза ауада спортпен шұғылдануларына жақсы жағдай жасайды. Мұз айдындарына өз конькийлерімен келіп, отбасымен бірге сырғанауға болады», – деді Бауыржан Байбек.

Айта кетерлігі, Алматыда соңғы екі жылда 732 аула алаңдары абаттандырылды. Бұл – қаладағы әрбір бесінші аула. «Менің ауламдағы спорт» бағдарламасы аясында 6 мың бала кәсіби нұсқаушылармен бірге аулалардағы 75 спорт алаңдарында жаттығуда. 2020 жылға дейін қаланың барлық 600 спорт алаңын қамту жоспарланған.

Оқи отырыңыз:

Демалыс күндері Қазақстанның кей өңірінде қар жауады

Алматыда қазақстандық «Ник Вуйчич» өз кумирімен кездесті

Астанада үйі өртеніп кеткен көп балалы әкеге 2,5 миллион теңге беріледі

Талқылау