Алматыда таксиші талмасы ұстап құлап қалған жолаушы әйелді зорлап тастаған
Алматыда таксиші 33 жастағы жолаушыны зорлап, соңынан тонап кеткен. Зардап шегуші полициға хабарласты. Алайда, қылмыскер әлі де бостандықта жүр.
Фото: Андрей Халин
Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.
Оқиға маусым айында болған. Ол жайлы енді ғана белгілі болып отыр. Алматылық Аида Айсарова досымен ұрысып қалып, есінен танып қалған. Таныстары оның есін жиғызып таксиге отырғызып жібереді. Жол бойында қыз өзін нашар сезінеді. Бұл сәтті пайдаланған жүргізуші оны зорлап, 150 мың теңгесін алып кетеді.
Аиданың айтуынша, қылмыскер Аиданың үйіне дейін біліп алған көрінеді. Енді ол жалғыз өзі асырап отырған 5 жасар баласы екеуінің тағдыры үшін алаңдаулы. Айсарова өзін зорлаған соң жиі-жиі есінен танып құлай беретін болған.
«Зорлаған адам әлі бостандықта жүр. Әлі де таксиші қызметін атқаруда. Сондықтан біз одан сақтанудамыз. Аида күйзелісте жүр. Сонымен қатар психологиялық зақым алған. Осы істі қолға алу керек. Барлық сараптама қағаздары қолымызда. Тек іс әлі сотқа жіберілмей жатыр», – дейді «Не молчи.kz» қозғалысының көшбасышысы Дина Смаилова.
Татьяна Куан