Алматыда тағы бір көлік жүргізушісі балаларды жүксалғышқа салып тасыды (видео)
Әлеуметтік желіде Алматыда тағы бір көлік жүргізушісінің балаларды жүксалғышқа салып тасып жүрген видеосы пайда болды.

Кадрда автокөлік салонынан балалары бар бірнеше әйелдің түскені көрінеді. Жалпы саны көлікте төрт ересек, үш бала болған. Ал ер адам жүксалғышты ашқан кезде ол жерден тағы екі бала шығады.
Желі қолданушылары бұл жағдайға наразы болып, пікір қалдырған. Осындай оқиға Алматыда бұған дейін де кездескен болатын. Балаларды жүксалғышқа салып тасығаны үшін тәртіп сақшылары тұрғынға айыппұл салған болатын.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"