Алматыда табылған егіз баланың өліміне күдікті ата-анасы өзіне қол салмақ болған
Алматыда тоңазытқыштан табылған егіз баланың өліміне ата-анасы күдіктелуде. Күдіктілердің адвокаты олардың өзіне қол салмақ болғанын айтты.
«Эмиль Тшкнеттен келгенде оның балаларды өлтіру туралы ойы болды. Ол балаларды өлтіріп азаматтық некедегі әйеліне кейіннен айтқан», – дейді адвокат Амангелді Сариев.
Қорғаушының айтуынша, ерлі-зайыпты қыслмыстан соң үлкен ұлын «Рамстор» сауда орталығының алдына тастап кеткен, деп хабарлайды Sputnik.
«Күдікті Гильмутдиновтың айтуынша, екі баланың өлгенін түсінген соң бір баласын таптап, өздері пәтер жалдаған. Олар газды ашып жарылып өлмек болған. Бірақ ойлағандай болмай қалған. Ертеңіне олар полиция бөлімшесінің алдында болды», – дейді адвокат.
Сариевтің айтуынша, психиатрлық сараптамаға сәйкес, күдіктілердің ақыл-есі түзу екені, сотта жауап бере алатыны анықталған.
Айта кетейік, екі баланың денесі жалдамалы пәтердегі тоңазытқыштан табылды. Ер адам егіз балалардың әкесі екенін айтты. Баланың ата-анасы ертесі күні ұсталды. Олардың тірі қалған тағы бір баласы бары белгілі болды. Ата-анасы егіз балаларын өлтірген күні үлкен баласын көшеге тастап кеткен.
Күдіктілер егіз сәбилердің жылап мазасын алғаны үшін өлтіргенін айтқан.
Тағы да оқыңыз:
Синоптиктер биыл қыстың ерте түсетінін айтты