Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда суға жарымаған жұрт әкімнің орнынан кетуін талап етті

«Бұдан басқа амалымыз қалмады» деген Алматының іргесіндегі Айғаным ауылының адамдары топырақ татыған лай су ішуге мәжбүр,-деп жазды КТК арнасы.

суууу

Үш жыл бұрын Талғар ауданына қарасты осы елді мекенге су құбырын тарту үшін 508 миллион теңге бөлінген екен. Алайда, «жарты миллиард теңгенің бір тиындық қызығын көрмедік» дейді тұрғындар. Ал құбыр жүргізуге жауапты компанияның қызметкерлері қазіргі уақытта құрал-саймандарын жинастырып, кетіп қалыпты.

Ауыл халқы өз күштерімен қазып алған мына құдықтан шыққан суды ішпек тұрмақ, жуыну да мүмкін емес. Топырақ татиды, лай су. Сондықтан суды мынадай арнайы ыдыстарға құйып алып, тұндырып ішуге мәжбүр болып отыр.

Өлместің күнін кешкендердің ауыз судың азабын тартып келе жатқанына биыл үшінші жыл. Қанша мәрте жиналып, талап қойғандарымен жергілікті биліктен қайран болмай тұр.

«Су жыры бұл ауылда тыңғылықты істеліп, тыңғылықты аяталған емес. Неге? Негізі 2017 жылы шешім қабылданғанда, Айғаным мен Ай-Абылайда су тартуды бітіру керек деп шешілген. Сонда қалай? Мен түсінбеймін, егер олардың айтқандары желге ұша беретін болса онда бізге әкімшілік не үшін керек?»,-дейді Айғаным ауылының тұрғыны Нұрболат Келгенбаев.

Талғар ауданына қарасты осы елді мекенге су құбырын тарту үшін 2014 жылы 508 миллион теңге бөлініпті. Бірақ, тендерді жеңіп алған «Айсем и ко» компаниясы сөзбұйдаға салып, бітер істі созып жіберді дейді тұрғындар. Ауыл әкімі де жұмыстың не себепті тоқтағанын білмейтін сыңайлы. Шулаған жұртқа компания өкілдерінің айтқанын қайталап беруден әріге аспады.

«Екі-үш күн болды тоқтағанына. Материал күтіп отырмыз дейді. Қалай материал алып келеді, солай қайта жұмыс бастайды»,-дейді  Қайнар ауылдық округінің әкімі Жандос Ясинов.

Алайда, жиналғандар су құбырын жүргізуге жауапты компанияның қызметкерлері керек-жарағын жинастырып, кетіп қалғанын айтады. Ал, қаңырап бос қалған жұмыс орны қайта жанданады деп сендірген компания директоры бір жыл бұрынғы берген уәдесін тағы қайталады.

«Осы ауылда негізінен қалғаны 3 шақырым. Жоспар бойынша желтоқсанның 15-не дейін. Бірақ, біз қарашаның 30-на дейін бітіреміз»,-дейді «Айсем и ко» ЖШС директоры серік Айтқожин.

Қазір бұл ауылда ауыз сумен қатар тұрғындардың қауіпсіздігі де басты мәселеге айналған. Себебі, әр көшеде қазылған шұңқырлар ашық қалыпты.

Соның кесірінен орға құлап жазым бола жаздаған жандардың қатары көбейген. Ал ауыл халқы игі-жақсылардың үйіп-төккен кезекті уәдесіне сенер-сенбесін білмей, екіұдай көңілмен тарқасты.

Оқи отырыңыз:

Қазақстан азаматшасы Ресейде теракт ұйымдастырғаны үшін сотталып жатыр

Тоңазытқыштан табылған егіздердің ағасының әрі қарайғы тағдыры белгілі болды

Тараздық “рентген әйел” атанған Динараның көзіндегі сәуледен ем алуға шетелдіктер қызығып жатыр (фото,видео)

 

 

Талқылау