Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда Сивидің туған күніне сыйланған атышулы бар жабылып қалды

Алматыда әнші Сиви Махмұдидің атышулы лаундж-бары жабылып қалды. Бұл көңіл көтеру орталығы әншінің туған күніне сыйланған еді. Алайда сый болып келген лаундж-бар Сивиге миллиондаған айыппұл мен қала тұрғындарының наразылығын алып келді.

18160935_1886360484966072_5617525015068016640_n Бұл туралы Экспресс-К хабарлады.

SIVI лаунж-бары өткен жылдың күзінде Алматыдағы тыныш аудандардың бірінде ашылған болатын. Ескі ғимараттың бірінші және екінші қабатында орналасқан лаундж-бар ашылған күннен бастап тұрғындардың наразылығын туғызған еді.

«Заң бойынша олар лаунж-барға шудың даусын басатын құрылғылар және бөлек кіретін есіктер орнату керек еді. Біздің подъезімізге неше түрлі иіс те осылардан келеді. Әрі мұндай типті үйлер қатты шуға арналмаған. Қабырғалардан барлығы естіледі. Музыкалық қойылымдарды былай қойғанда, адамдардың сыбыры естіледі», – дейді наразыланған тұрғын Лариса Черненко.

бар сиви 1406 Лаунж-бардың жанындағы үйде тұратын адамдар сан мәрте полиция шақыртып, қатты шығып тұрған музыка мен шуға шағымданған. Ал 8 айға созылған жанжалдан кейін лаундж-бар есігінде «біз жабылдық» деген жазу пайда болды. Ал шудан құтылған тұрғындар мәз мейрам болуда.

Жіберіп алмаңыз:

Меруерт Түсіпбаева Головкиннен сыйлық алғанын айтып мақтанды

Басшылық қызметтен кеткен Ләйлә Сұлтанқызы шетелге кететін болды

Баян Есентаева өзінен шаршағандарға бір жыл “демалыс” беретінін мәлімдеді (видео)

Гүлзира Айдарбекова су жаңа автокөлігін көрсетіп мақтанды

Талқылау