Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда шатырға қатып қалған алып мұз әйелдің үстіне құлады

Алматыда көпқабатты үйдің шатырына қатқан мұз сеңі құлап, әйелді ауыр жарақаттаған. Қолы, аяғы, қабырғас сынған тұрғын ауруханаға жеткізіліпті.

Безымянный

Бұл туралы Sputnik Казахстан хабарлайды.

“Бұған дейін де жаңбыр жауғаннан кейін еріп, босай бастаған мұздар автокөліктердің үстіне құлаған еді. Ал менің анам сыртқа шығып бара жатқан кезде, тура үстіне құлаған”, – дейді қызы Бағила.

Оның сөзінше оқиға Фурманов көшесі бойында, Құрманғазы мен Шевченко көшелері аралығындағы үйлердің бірінде орын алған. Абырой болғанда алып мұз, миллиметр қашықтықта ғана басының қасынан өтіп, қол мен аяқты жарақаттаған.

1186303

“Пәтер иелері кооперативінің немқұрайлылығынан анам денсаулығына залал келтіріп, ауруханада жатыр. ПИК-ті сотқа беріп, жауапкершілік арқалап, шара көрілгенін қалаймын. Олар жиналып қалған мұзды уақытысында алып тастап отыруы тиіс”, – дейді ол.

Оқи отырыңыз:

Астана-Көкшетау тас жолында көлік апаты кезінде көмекке ұмтылған жолаушының өзі ажал құшты

Ақтауда жас жігітті қаққан автокөлік оны бірнеше метрге дейін сүйреп кетті (видео)

Ақтауда қуаттандырғышта тұрған ұялы телефонның кесірінен 7 айлық сәби көз жұмды

Астанада Бас прокуратураның алдында өзін өртеген әйел өлім аузында жатыр

Талқылау