Алматыда қоқыс шығаратын ірі компанияның үлесі мемлекет меншігіне қайтарылды

Алматыда сот шешімімен “Тәртіп” компаниясындағы 33,98%-дық үлесті мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім қабылданды. Прокуратураның сотқа жүгінуіне бұл активтің төмендетілген бағамен сатылуы себеп болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мегаполистің Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы “Тәртіп” АҚ-ның “АҚ Тәртіп” ЖШС болып қайта ұйымдастырылуына және мемлекеттік тіркелуіне қатысты актілерді жарамсыз деп тануды талап етті.
Қадағалаушы орган компанияны қайта тіркеуге байланысты құжаттардың күшін жойып, ондағы 33,98%-дық үлесті мемлекетке қайтаруды сұраған.
026 жылғы 30 шілдеде Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты прокуратураның жаңа талап-арызын толық көлемде қанағаттандырды.
Дегенмен сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.
ОқыңызАл 2023 жылғы 12 шілдеде, сот 2017 жылғы 18 қазанда жасалған мемлекеттік үлесті сатып алу-сату шартын жарамсыз деп таныған еді. Аталған шешім заңды күшіне енген.
Компания туралы
“Айта кетейік, “АҚ Тәртіп” ЖШС қалдықтарды жинау және шығару саласында 25 жылдан бері жұмыс істейді. Компания Алматыдағы қоқыс шығару нарығында ірі ойыншылардың бірі саналады.
Астанада нөсер жаңбырдан кейін әйелдің 35 миллион теңгелік көлігі жарамсыз болып қалды