Алматыда пәтер тонап, автокөлік ұрлап келген қылмыстық топ құрықталды
Алматы қаласының полиция қызметкерлері пәтерлерді тонап, автокөліктерді ұрлап келген қылмыстық топты құрықтады.
Бұл туралы Алматы қаласы Ішкі істер департаментіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Полицияның мәліметінше, Алматы облысы Жамбыл ауданының үш тұрғыны бірігіп тонаушылықпен айналысқан. Ұсталғандардың екеуі бұрын мүліктік және ауыр қылмыстарға қатысты қылмыстық жауапкершілікке тартылған екен.
«Негізінен, бұл азаматтар басқа адамдардың көліктерін ұрлап кеткен. Олар төрт рет үй тонап, автокөлік ұрлаған. Қылмыскерлер үйді тонау кезінде көліктің қосалқы кілттерін тауып алып, ұрлап кеткен. Содан кейін көлік иелерін аңдып, бірнеше күн өткен соң олардың автокөліктерін ұрлап кетіп отыр. Бұған қоса, олар бағалы заттар мен цифрлық технологияларды да қолды қылған»,-деді Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің қылмыстық полиция басқармасында.
Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды. Олардың басқа қылмысқа қатысы тексеріліп жатыр.
Оқи отырыңыз:
Шымкенттен сәлем: Қазақстандық студент футболдан 2018 жылғы әлем кубогында ерікті болмақ
Бітіру кешінде мұғалімдерге не сыйлауға болады: Білім беру басқармасы жауап берді
Ақмола облысында жігітімен ұрсысып қалған бойжеткен бір тәулік бойы орманда адасып жүрген