Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда өрттен қыздарды құтқарған жауынгердің өзін күйік шалды

Әскери келісім шарт бойынша борышын өтеп жүрген жауынгер Алматыдағы өртке кезінде үш қызды құтқарып қалды.

20161213172119

2016 жылдың 28 қарашасында Алматыдағы Төле би мен Наурызбай көшелерінің қиылысында кафе өртке оранды. Осы кезде Алматы қаласы қорғаныс ісі жөніндегі департамент қызметінің әскери жауынгері Жәнібек Есеркепов кафеде жанып жатқан жалынды көреді.

«Ол кафе ішінде адамдар барын білген соң ғимаратқа терезе арқылы кіріп адмдарды сыртқа шығарады. Есеркеповтың өзі қол жарақаттарын алған. Ол үш қыздың сыртқа шығуына көмектеседі», – дейді Алматы қаласы қорғаныс ісі жөніндегі департменттің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта Жәнібек Есеркеповты марапатқа ұсыну қарастырылуда.

«Әскери адамның бойында батылдық, батырлық сынды қасиеттер болу керек. Жәнібек Есеркеповтың бойында осынай қасиеттер бар», – дейді департаменттегілер.

27 жастағы Жәнібек Алматы облысы Жамыл ауданы, Фабричный кентінің тумасы. Ол Алматыда келісім-шарт негізінде әскери қызмет етеді.

Өзінің бұл ерлігі жайлы жауынгер басшылығына айтпаған. Бұл жайлы тек кеше ғана, жетекшілерінің жыртылған күртесі жайынды сұрағанда белгілі болды.

Жіберіп алмаңыз:

Алтынай Жорабаева «Құрмет» орденімен ал Сәбит Әбдіхалықов мерекелік медальмен марапатталды

Шымкентте әйелі күйеуінің өз туған қызын зорлап жатқан жерінен үстінен түскен

Нұржан Керменбаев Болат Назарбаевпен түскен суретін көрсетті

Қазақстанның тумасы “Ресей сұлуы” атанды

Талқылау