Алматыда өрттен үш бала құтқарылды
Алматыдағы бес қабатты тұрғын үйде тұтанған өрттен үш бала мен бес ересек адам құтқарылды.
Бұл туралы ТЖД-нің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
«Бесінші мамырға қараған түні ТЖД-нің «101» бөліміне Медеу ауданы, Мақатаев көшесі 46 пәтер мекен-жайында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Алғашқы өрт сөндірушілер аталған мекен-жайға 6 минутан кейін, 00: 17-де келді. Бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтер өртенген екен», – деді Баймұхамбетова.
Өрт сөндірушілер пәтердегі өрттің таралуының алдын алды. Аумағы 30 шаршы метрді құраған өрт тоғыз минуттан кейін 00: 26-да сөндірілді.
«35 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Сегіз адам құтқарылды, олардың үшеуі балалар», – деді Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі.
Пәтер тұрғындарын жоғары қабаттағы пәтерлердің терезесіне шығып, сондай-ақ механизацияланған баспалдақ арқылы құтқарған.
Тағы оқыңыз:
Ақтауда 10 жасар қыз төртінші қабаттан құлап, аман қалды
Ақжарқын Тұрлыбай сияқты: Ресейлік бойжеткен Вьетнамға есірткі кіргізгені үшін өмір бойына сотталды
Астанадағы батут оқиғасы: Төрт бала аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр