Алматыда оқушы мектепте уыты бар баллон шашқаны үшін мектеп директоры мен меңгерушісі жазаға тартылды
Алматыдағы №173 мектебінің директоры мен меңгерушісіне мектепте шашылған уыты бар баллон үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл туралы депутат Артур Платоновтың сұрағына премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаев жауап берді.
Досаевтың айтуынша, мектеп басшылығы оқу орнындағы балалардың денсаулығы мен өмірі үшін жауап береді.
«Осыған байланысты Алматы қаласы №173 мектеп оқушыларының газдан улану дерегі бойынша, мектеп директоры Ғ.Байғазиева мен директордың тәрбие ісі бойынша орынбасары Қ.Қадірбергеноваға өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды», – деді премьер-министрдің орынбасары.
Естеріңізге сала кетсек, оқиға 17 қараша күні кешкі уақытта орын алған еді. №173 мектеп оқушысы мектеп ішінде уыты бар баллон шашып, 36 оқушы газдан уланып қалған.
Оқи отырыңыз:
Астана әкімі елорда тұрғындарынан кешірім сұрады
Ақтауда тұрғын үйдің төртінші қабатынан құлап көз жұмған зейнеткер ҰОС ардагері болып шықты
Қазақстанда 12 жасар бала университет сессиясынан сүрінбей өтті