Алматыда Lexus әкесі мен қызын қағып кетті
Алматыда әкесі мен қызы Lexus автокөлігінің астына түсіп қалды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Иномарка Момышұлы даңғылымен көтеріліп, “Алматы Арена” жанында екі адамды қаққан. Олармен бірге анасы мен ұлы да көшені кесіп өткен екен. Абырой болғанда олар апаттан аман қалған.
Зардап шеккен ер адамды дәрігерлер ауыр жағдайда ауруханаға алып кетті. Оның қызы да жарақат алған, бірақ медициналық мекемеге барудан бас тартыпты. Ал көлік жүргізушісі болса көлікті сау күйде жүргізген. Қазір полиция жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр.
Талқылау