Алматыда көлік жүргізушісі желі арқылы түскен шағымнан кейін айыппұл төлейтін болды
Алматы тұрғыны көлігін жаяу жүргінші жолына қойған үшін айыппұл төлейді. Қала тұрғындары полицияға жол қозғалысы ережесінің бұзылғаны туралы әлеуметтік желі арқылы хабарлаған.

Фото: ІІД баспасөз қызметі
Бұл туралы Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Аялдама және тұраққа қою ережелерін бұзғаны үшін (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 597-бабының 2-бөлігі) және жаяу жүргіншілердің қозғалысына кедергі жасағаны үшін 44 жастағы жүргізушіге 15 АЕК, яғни 36 075 теңге әкімшілік айыппұл салынды.
Полицейлер жол ережесінің бұзылғанына алаңдаушылық білдірген тұрғындарға алғыс айтты.
Тағы оқыңыз:
Павлодарда ұрыны ұстап алған кондукторларға сыйақы беріледі
Күн аязды болады: Синоптиктер алдағы күндердің ауа райы болжамын жариялады
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен
Науқас жансақтау бөліміне түсіп қалған
Таиландқа демалуға барған қазақстандық әйел босанып қалған: Баласының еміне күніне 740 мың теңге қажет
Назира: Дәрігерлер өмірінің алғашқы күндерінен бастап инфекция бар екенін растады