Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күн аязды болады: Синоптиктер алдағы күндердің ауа райы болжамын жариялады

Синоптиктер ел аумағында алдағы 3 тәулікте тұрақсыз ауа райы болады деген болжам жасап отыр.

Циклондар мен атмосфералық фронттардың әсерінен шығыс пен солтүстік өңірлерде қар аралас жаңбыр жауып, тұман тұрады. Мамандар жергілікті тұрғындарға көктайғақтан абай болуларын ескертеді. Ал оңтүстік облыстың кей жерлерінде жауын-шашын өтіп, ауа райы аздап суытады деп күтілуде.

“Астана қаласында 27-28 наурызда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауаның температурасы түнде 8-10 градус нөлден төмен болса, күндіз 0-2 градус аязды көрсетеді. 29 наурызда күндіз жауын-шашын күтіледі, ауаның температурасы түнде 6-8 градус нөлден төмен болса, күндіз  3-5 градус жылы күтіледі. Алматы қаласында 27-28 наурызда кей уақытта жаңбыр күтіледі. Ауаның температурасы түнде 7-9 градус жылыны көрсетсе, күндіз 12-14 градус жылыны көрсетеді”, – деді  «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі Айгүл Алданбергенова.

Тағы да оқыңыз:

Қош болыңдар, біз жанып барамыз: Кемероводағы өрттен көз жұмған 13 жасар қыздың соңғы сөзі елді жылатты

ШҚО-ның Зырян ауданында сары түсті қар жауды

Кемеровода терезеден секіріп өрттен аман қалған баланың жақындары түгел көз жұмған

Талқылау