Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда көлігімен «қарсы бағытқа» шығып серуендеген жігіт халықтан кешірім сұрады (видео)

Алматы полициясы Әл-Фараби даңғылында көлігімен «қарама-қарсы бағытқа» шығып, серуендеген тәртіп бұзушыны тапты, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Алматыда көлігімен «қарсы бағытқа» шығып кеткен жігіт халықтан кешірім сұрады (видео)

20 жастағы жүргізуші Роллан Назарға жол қозғалысы ережелерін бұзудың бес фактісі бойынша айып тағылды. Жас жігіт екі рет мемлекеттік нөмірсіз жүрген, одан кейін қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, басқа жүргізушілердің өміріне қауіп төндірген және көлігіне шана шегіп серуендеп, жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзған. Сондай-ақ, соңғысы маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін оған қатысты хаттама толтырылды.

Енді ол көлігімен қарама-қарсы бағытқа шығып серуендені үшін алты айға дейін жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін. Жол қозғалысы ережесін бұзған 20 жастағы жігіт өз кінәсін толығымен мойындады. Бірақ, Назар кінәсін түсініп, кешірім сұрағанымен оған қарсы қозғалған іс сотқа жіберілді.

«Құрметті отандастар Әл-Фараби даңғылының бойында жол ережесін бұзғаным үшін сіздерден кешірім сұраймын және жасаған әрекетіме өкінемін. Енді мұндай оқиға қайталанбайды деп уәде беремін. Сондай-ақ, менің кешірілмес қателігімді қайталамауға кеңес беремін»,- деп кешірім сұрады алматылық Роллан Назар.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ZYN QALA НОВОСТИ (@zynqalakz)

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау