Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда күйеуі әйелін бензин құйып өртемек болды

 Алматылық келіншек Ақерке Байғазиеваны күйеуі әдейі өртеп өлтіріп тастамақ болған. Бірақ, денесінің 20 пайызын күйік шалған әйел аман қалған. Енді Ақерке, үш баласының әкесін қатаң жазалауды сұрап отыр.

photo_17061

Бұл туралы ktk.kz хабарлайды

Ерлі-зайыптылардың келіспеушілігінің кесірінен, келіншек 20 күннен бері төсекке таңылған. Әйелінің үстіне жанармай құйып өртемек болған жағдай 24-ші желтоқсан күні орын алған.

«Күтпеген жерден болды. Жаныма келді де бензинді үстіме құя сала, оттықты тұтатып жіберді. Қарға аунап жатып әзер сөндірдім», – дейді зардап шегуші.

№4-ші клиникалық аурухананың бөлім меңгерушісі Нұржан Биқоңырова алғашқы кезде жағдайдың ауыр болғанын, қазір жансақтау бөлімінен күйік бөліміне ауыстырылып, ем қабылдап жатқанын жеткізді.

Ақерке күйеуімен он жылдан бері отасып келе жатыр екен. Ортада үш баланың болғанына қарамастан, ендігі жерде онымен бірге тұра алмайтынын айтып отыр. Полицияға арыз түсірсе де, заң өкілдері жолдасын әлі қамауға алмапты.

Ал күйеуі Мақсат Құрман болса оқиғаның мүлде басқаша сипат алып кеткенін айтады. Ажырасуларына себеп ретінде күйеуі қайынжұртын кінәлайды. Ал өртеу оқиғасы оқыстан болды деп ақталды ол.

«Мен көлік жөндеп жатқан кезде, екеуміз ұрысып тұрдық. Ол қолымды қағып жіберді. Сөйтіп бензин шашылып, қолымдағы темекі жанармайға тиіп кетті», – дейді ол.

Іс қазіргі таңда полиция қызметкерлерінің бақылауында. Әрі қарай мәселенің ақ-қарасын ашу үшін олар Ақеркенің ауруханадан шығуын күтіп отыр.

Талқылау