Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда күштеп қыз алып қашу оқиғасы видеоға түсіп қалды (видео)

Әлеуметтік желіде Қазақстан қалаларының біріндегі қыз алып қашу оқиғасының видеосы пайда болды.

6565

Ролик Инстаграмдағы qazpress парақшасында жарияланған. Онда ер адамның қызды көлікке күштеп отырғызуға тырысып жатқанын байқауға болады. Ал қыз болса қарсылық көрсетіп, “Апа” деп айқайлап жатыр. Олардың жандарынан көптеген адамдарды да байқауға болады.

Көліктің мемлекеттік нөміріне қарағанда оқиға Алматы немесе Алматы облысында болған.

Желі қолданушылары болса мұндай жабайы әрекетке таңырқап, наразылық танытқан. Қолданушылар оқиғаға “нағыз жабайылық”, “Егер өз еркімен болса түсінер едім, мынау деген қып-қызыл зорлық қой”, “Ұялы телефонға түсіріп тұрғанша, жақын барып қызды құтқар немесе полицияға хабрлас” деп пікір білдірген.

Без комментариев…😱 #Алматы #похищениеневесты #кыздыалыпкашу 28.02.2017

Публикация от Астана-Алматы-Шымкент (@qazpress)

Оқи отырыңыз:

Желі қолданушылары: жігіттің ішінде жыны сөйлеп тұр ма, әлде талант па? (видео)

Теміртауда педофил мектеп маңында оқушы қызды зорлап кеткен

Есінен тандыра сұлатып түсетін оқушылардың ойыны жұртты шошытты (видео)

Шымкентте жаңа туған сәбиін көшеге тастап кеткен әйел видеоға түсіп қалды

Талқылау