Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ешқашан мектепке бармаған 11 жастағы қыз табылды

Алматыда полицейлер ешқашан мектепке бармаған тағы бір баланы тапты.

2017091512431699284_160311-school-stock

Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

Бостандық аудандық полцииясы ешқашан мектепке бармаған 11 жастағы қызды тауып алған. Оның туғаннан бергі ешқандай құжаты жоқ. 36 жастағы анасының айтуынша, оның өзінің де еш құжаты жоқ екен. Ал қызының мектепке барғанын қалайды.

“Әйел нарко және психологиялық диспансерде есепте жоқ және бұрын қылмыстық, әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған. Біздің қызметкерлер жинаған материалдар әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғайтын комиссияға жіберілді. Олар қарап, тиісті көмекті көрсетеді. Мәселе жақын арада оң шешімін табады деп үміттенемін. Анасы мен қызын құжатпен қамтуды миграциялық қызмет өкілдерімен, басқа да өкілетті органдармен бірлесіп реттеп жатырмыз”, – дейді Алматы ІІД ювеналды полиция бөлімінің басшысы Лейла Әліпбаева.

Еске салайық, бұған дейін Алматы полициясы өмірі мектепке бармаған, дәрігерге қаралмаған қос егізді тауып алған еді.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанда үш мешіт сатылымға қойылды

Шымкентте үстіне полиция киімін киген алты баланың анасы алаяқтықпен айналысқан

Баласын 5-қабаттан лақтырған әйел аналық құқынан айырылмақ

Ішінде алты айлық баласы бар 25 жастағы астаналық әйел тәнін саудалап жүр

Талқылау