Алматыда ер адам өзіне жол бермеген көлік жүргізушісін атып өлтірді
Қайғылы оқиға жайлы мерт болған азаматтың әпкесі Зарина Лазарева хабарлады.
«Достар, Алматының Рысқұлов пен Момышұлы көшесінің қиылысында ақыл-есі дұрыс емес біреу менің інімді жол бермегені үшін аң аулайтын қарумен атып өлтірді. Сондықтан жолда ешкіммен сөзге келмей, сабырлық танытыңыздар», – деп жазады әпкесі Facebook парақшасында.
ІІМ оқиғаны растады. Қайғылы жағдай Алатау ауданында болған.
«Аталған іске қатысты аңшылық қарумен 1982 жылғы жігіттің атып тастады деген күдікпен екі азамат ұсталды», – деп мәлімдеді ІІД.
Зарина Лазарева күдіктілерді ұстауға көмектескен жандар мен полицейлерге алысын жеткізді. Кейіннен ол парақшасына постын өшіріп тастады.
Жіберіп алмаңыз:
Шымкентте сыртынан қалың тон кигізілген ер адамның жалаңаш мәйіті табылды
Павлодарда 1-сынып оқушысы қолына ұстап отырған салют жарылып күйіп қалды
Талқылау