Алматыда дәретханадан өлі табылған балаға бас-көз болуы тиіс ересектер ұйықтап жатқан
Алматыда жантүршігерлік оқиға болды! Қалада аяқ астынан жоғалып кеткен 2 жастағы бала өлі күйінде әжетханадан табылды,-деп жазды КТК арнасы.
Болжам бойынша, бұл жағдайға үйдегі ересектердің ұйқыға жатып қалғаны себеп болған. Яғни сәби қараусыз қалған. Қазір сұмдық оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Полицияға “Шаңырақ-2” ықшамауданындағы үйлердің бірінен 2 жасар баланың шығып кетіп, жоғалғаны жайлы хабар кеше кешкісін түскен болатын.
Содан кейін тәртіп сақшылары сәбиді түні бойы іздеген іздеген. Бірақ оны ауладағы әжетханадан табамыз деп ешкім ойламапты. Өйткені анасының айтуынша, бала үйдегілер ұйықтап жатқан кезде сыртқа шығып кеткен деп айтқан.
«Баланы далаға горшокқа отырғызып өзі үйге кіріп кеткен. Содан ұзақ шықпаған сияқты. Бала горшоктен тұрып кеткен. Бұл менің естігенім. Қарамаған жері болмады»,-дейді көршісі Айсұлу Бейсенқұлова.
Көршілерінің айтуынша, нағашы әжесінің қолында тұратын бала сол апасымен бірге осыдан 10 күн бұрын анасының үйіне қонаққа келіпті. Өздері Бақанас ауылының тұрғындары екен.
Сәбиді кешеден бері іздегендер бүгін түстен кейін үйдің ауласындағы әжетханадан тауыпты. Дәретхананың тереңдігі 3 метр екен. Бірге баспана жалдап тұратын көршілері бала жоғалған уақыттан кейін де сол дәретхананы пайдаланған екен.
«Қарадық, ештеңе көрінбеді»,-дейді көршісі Динара Әділ.
Мәйітті арнайы техниканың көмегімен алып шығуға үш сағаттай уақыт кеткен. Ал бала жоғалған кезде үйдін ішінде 5 ересек адам болған екен.
«Олардың бәрі қатты ұйқыға кеткен. Сөйтіп баланың шығып кеткенін аңғармаған .Бұл жәйт те жіті тексерілетін болады»,-деді Алматы қаласы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Қазір осы жағдайға қатысты сот-медициналық сараптама жүргізілуде. Жнтүршігерлік оқиғаның мән-жәйі тергеу барысында анықталмақ.
Оқи отырыңыз:
Өзін 15 еркек зорлады деген лесбиянка қыз өтірік айтқаны үшін сотталды
Тележүргізушінің үстеліне шығып кеткен кішкентай қыз тікелей эфирді бүлдіре жаздады (видео)
Әлеуметтік желідегі бір хабарлама қарапайым шаруаға Меккеге баруға мүмкіндік берді
Таиландта құтқарушылар құдайларды жол апатын болдырмауға шақырып, 311 марқұмның рухын ұстап алды